Өскеменде ағаштар мерзімінен бұрын сарғайып жатыр: Экологтар дабыл қақты

0 375
Өскеменде ағаштар мерзімінен бұрын сарғайып жатыр. Қала тұрғындары бұған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары кінәлі деп санайды. Өйткені дәл сол металлургия зауытының жанындағы өсімдіктердің жапырақтары қурап қалған. Тағы бір нұсқа – зиянды жәндіктердің шабуылы.

Бір қызығы, өсімдіктер бір күнде және бір аймақта ғана сарғайып кетті. Экологтар зерттеу үшін жапырақтарын алды. Әзірге олардың көзқарасы бойынша қорытынды жасауға ерте. Нақты себебін анықтау үшін фитоэкспертиза жүргізу керек, бірақ облыс орталығында мұндай зертхана жоқ. Сарапшылар мұндай қысқа мерзімде сарғайған ағаштардың көпшілігі тіршілігін одан ары жалғастырмауы мүмк

«Ағаштардың өздері, топырақ тексерілді. Сарғаюдың нұсқалары өте көп болуы мүмкін. Оның ішінде техногендік сипаттағы әсер де жоққа шығарылмайды. Бірақ бұл нұсқаны растау үшін зертханалық зерттеулер қажет. Зертханалық талдаусыз бұл газдың не техногендік әсер деп айтуға болмайды», — деді экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкері Елена Полянцева.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.