«Олар ұлымды өлтіреді»: Беларусьте қамауға алынған Протасевичтің ата-анасы көмек сұрады

0 25

Беларусь журналисі Роман Протасевичтің ата-анасы ұлының абақтыдағы видеосына қатысты пікір білдірді

Наталья мен Дмитрий Протасевич ұлдарының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты.

«Біз бұл видеода Романның бетіндегі соққының іздерін макижбен жасырып қойғанын байқадық. Мұрын қуысы қисайған, мұрны сынған сияқты. Сол жақ беті ісінген, тіпті тістерін қағып тастаған сияқты. Беті көгеріп кеткен, тұншығудың іздері байқалады. Көмектесіңіздерші, олар ұлымды өлтіреді», – дейді Роман Протасевичтің анасы.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Роман Протасевичтің Минск түрмесінде жасаған үндеуін жариялаған. Онда журналист тергеумен бірге жұмыс істеп жатқанын және Минскіде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны туралы мойындаған.

Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлері оған ешқандай қысым көрсетпегенін, заңға сәйкес жұмыс істеп жатқанын айтты. Оған қоса, Протасевич денсаулығы жақсы екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ryanair авиакомпаниясы Афинадан Вильнюске тұрақты рейс жасау кезінде, Минскіге қонды. Беларусь билігі ұшақ қонбаса, оны миналауға дайын екенін жеткізген. Бомба туралы ақпарат кейіннен расталмады.

Ұшақтың Беларусь астанасында қонуының басты себебі – Ұшақта Беларусьтегі наразылық шаралары туралы егжей-тегжейлі ақпарат таратқан NEXTA жеделхат каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болуында деп түсіндіріледі.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.