LRT құрылысына қатысты сот үкімі 28 сәуірде жарияланады

0 281

Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT құрылысы ісі бойынша сот үкімі 28 сәуірде жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова мәлімдеген.

«Судья 28 сәуірде түстен кейін елордадағы LRT құрылысы кезінде ақша жымқыру ісі бойынша үкімді жариялайды. Алдын-ала уақыты сағат 15.00-ге деп жоспарланып отыр», — деді Ботагөз Баянова.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өкен мәжілісте LRT құрылысы ісін тергеуді жеделдетуді тапсырған болатын. Істі тергеу 2020 шаралары жылдың басында аяқталды. Тергеу кезінде 10-нан астам адамның жауапкершілігі тексерілді.

Сондай-ақ, 3 адамға Интерпол желісі арқылы іздеу жарияланған. Іс сотқа 2020 жылдың 2 қазанында жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2-департаментінің басшысы Сергей Перов осы іске қатысты күдікті деп атынлған Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені туралы ақпарат бар екенін мәлімдеген еді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.