Ішінде қазақ спортшысы бар: Қытайда далалық марафон барысында 21 адам өлген

0 202

22-ші мамыр күні Қытайдың Ганьсу провинциясының Байинь қаласында өткен далалық марафон (жарыс қашықтығы 100 шақырымға жоспарланған) кезінде, ауарайының қолайсыздығына байланысты жарысқа қатысқан 172 адамның 21-і ажал құшқан.

Қаза тапқандар арасында Қытайға танымал марафоншы Лян Цзинь мен бүкілқытайлық мүгедектер спартакиадасының чемпионы Хуан Гуанцзюньнің есімі де аталды.

Сонымен қатар, қайғылы оқиғада Шынжаңнан барған Сейіт атты қазақ азаматының да қазаға ұшырағаны айтылып жатыр.

Марафоншылар жолшыбай бұршақ, боран, қара жаңбыр секілді күтпеген табиғат құбылысына тап болып, біраз адам жарыс жолынан көз жазып қалған, олардың кейбірі жәрдем жетіп үлгергенше жан үзсе, кейбірі ауруханада көз жұмған.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.