Хоккейшінің жалақысы ауданның бюджетімен тең екен…

0 319

Кешеден бері қазақстандық «Барыс» командасының капитаны Даррен Дицтің жалақысының мөлшеріне қатысты желі қолданушылары түрлі пікірлер білдірді

Аралас жекпе-жек шебері Найман Хамитов та пікір білдіргендердің арасында бар.

«Бұл «халықтың ақшасына түкіргенім бар» дегенді білдіреді», — деп жазды Қуат Хамитов Sports.kz-ның Instagram-дағы жаңалықтары астындағы пікірде.

Одан бөлек желі қолданушылары да ащы пікірлерін Facebook желісіндегі парақшаларында жариялап жатыр.

«Барыс командасының капитаны, канадалық ойыншы Даррен Дицтың жылдық табысы 480 000 000 теңге болады екен. Бұл — қосымша бонустар мен премияны есептемегендегі ақшасы. Сонда айына 40 000 000 теңгені қалтасына басады.  Ал тағы бір канадалық ойыншы Кертис Волк бір жылда 232 000 000 теңге айлық алады. Яғни бір айлық табысы 19 333 333 теңге.

Қорытынды:

Хоккей сенің не теңің?

Жылтырайды кө*енің», — депті желі қолданушыларының бірі Байкал Саимов.

adyrna.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.