Хабиб Нурмагомедов кеткеннен кейін UFC-дің жаңа чемпионы анықталды

0 278

Бразилиялық файтер Чарльз Оливейра жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұзақ уақыт Хабиб Нурмагомедовте болған белбеу ол карьерасын аяқтағаннан кейін бос қалған еді. Ресейлік файтер спорттан кететінін былтыр қазанда мәлімдеген, бірақ титул ұзақ уақыт бойы Хабибте қалған болатын.

Тек наурызда UFC Оливейра мен америкалық Майкл Чендлер жаңа чемпион атағын сарапқа салады деп шешті.

Файтерлер Хьюстондағы UFC 262 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесті. Бірінші раундта екеуі де белсенді болды. Бірақ екінші бесминуттық бастала салысымен Оливейра Чендлерді соққының астына алды. Сол сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатты.

 

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.