Ер адам тегін iPhone алу үшін бетіне өмір бойы өшпейтін татуировка жасатты

0 365

Киевте ер адам iPhone 12-ні тегін алу үшін бетіне дүкен логотипі бар татуировка жасатқан. Ол осылайша дүкеннің өмір бойы VIP клиент мәртебесін алды.

Бұл туралы дүкеннің сайты хабарлады.

Киевтегі iLounge дүкені науқан өткізді. Науқанға қатысушылар дүкен логотипімен татуировка жасату арқылы, сыйлық ала алды.

татуировка, iPhone
Фото: Іlounge.ua

Науқанға барлығы тоғыз адам қатысты. Ал олардың бірі бетіне логотипі бар татуировка жасатқан.

«Өзінің батыл әрекеті арқылы ол iPhone 12 жеңіп алды. Біздің брендтің жаңа бейнесі болды және өмір бойы VIP клиент мәртебесін алды», — делінген хабарламада.

2018 жылы ресейлік «Домино пиццасы» компаниясы логотипімен татуировка жасағандарға өмір бойы күшін жоймайтын сертификат беруге уәде берген еді. Бірақ кейін татуировка жасатқандар көбейіп кеткендіктен науқанды тоқтатқан.

AIKYN.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.