Дәрігер коронавирустың ВИЧ инфекциясына ұқсайтынын айтты

0 286
Аллерголог-иммунолог Рафаил Розенсон коронавирус инфекциясының екі басты ерекшелігін атады.

 

«Бұл вирустың екі ерекшелігі бар екенін білеміз. Негізгі қасиеттері бойынша адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) өте ұқсас. Біріншіден, ол АИТВ сияқты лимфоциттерді зақымдайды. Екіншіден, қанның ұюын белсендіреді. Сондықтан қанның ұюына бейім адамдар – қарттар, жүкті әйелдер және басқалар көп зардап шегеді», — деді аллерголог.

Маман вирустың егде адамдар үшін қауіпті екенін растады.

«Бұл вирустың екінші ерекшелігі – эпидемиологиялық сипаты. Ол егде жастағы адамдарды, ағзасы әлсіз адамдарды, қант диабетімен ауыратындарды, қатерлі ісік ауруына шалдыққандарды таңдайды. Бұл екі ерекшелік қорғауға мұқтаж адамдардың контингенті кімдер екенін айтып тұр», — деді Рафаил Розенсон.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.