Белгісіз біреу қайырымдылық қорабына 50 мың доллар салып кеткен

0 1 106

Ташкентте белгісіз біреулер қайырымдылық қорабына 50 мың доллар салып кеткен. Енді бұл қаржы науқас балаларды емдеуге жұмсалады

Қорап Korzinka супермаркеттер желісінің біріне салынған. Белгісіз біреулер ол жерге 50 мың доллар қалдырып кеткен. Бұл туралы супермаркеттер желісінің басшысы Зафар Хошимов айтты.

«Бүгін қайырымдылыққа арналған кезекті қораптың бірін ашқан кезде ішінен бума-бума ақ қағаз шықты. Оның ашқан кезде конверттерде 50 000 доллар жатқанын анықтадық. Қасиетте Рамазан айында осындай қайырымдылық жасаған отандасымыз осы айдың керемет қасиеттіне деген сенімімізді нығайтты», — делінген хабарламада.

Кәсіпкердің сөзінше, барлық қаражат «Эзгу амал» қайырымдылық қорының есебіне аударылған. Қор онкологиялық ауруы бар балаларға көмектесуге мамандандырылған.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.