Батыр Жүкембаев бокстан шеттетілді

0 321

 Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) бокстан уақытша шеттетілді.

Ол 30 мамырда АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасқан болатын.

12 раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа 5 маусымға дейін тыйым салынды.

nege.kz

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.