Байден АҚШ-тағы ең төменгі жалақыны екі есе арттырды

0 444

АҚШ президенті Джо Байден пандемия кезінде халықты қаржылай қолдау туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.

Президенттік жарлықта федералды қызметкерлер үшін ең төменгі жалақыны сағатына 15 долларға дейін (шамамен 6,4 мың теңге) арттыру қарастырылған – бұл алдыңғы көрсеткіштен екі есе дерлік жоғары.

«Бұл бұйрық федералды келісімшарттардың үнемділігі мен тиімділігіне ықпал етеді, еңбек өнімділігін арттыру және жұмысшылардың денсаулығын, ақылақтық рухы мен ісіне күш-жігерін арттыру арқылы жақсы жұмыс істеу үшін салық төлеушілерге құндылық болады», – делінген Ақ үй хабарламасында.

Жарлыққа сәйкес ең төменгі жалақы қазіргі 10,95 доллардан келесі жылдың наурызына қарай шамамен 37 пайызға артып, инфляцияға сәйкес одан әрі өседі. Федералды агенттіктер жалақыны жаңа келісімшарттарға 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін қосуға тура келеді.

Шешім федералды қызметкерлердің әр түрлі санатына, тазалаушылар мен қызмет көрсетушілерден бастап, мердігерлер мен тамақтану саласындағы жұмысшыларға дейін қолданылады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.