Атақты актер мен оның әйелі ұшақ апатынан қаза тапты

0 254

Америкалық актер Джозеф Лара (Joe Lara) ұшақ апатынан көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

90-жылдардағы «Тарзан: шытырман оқиғалар», «Конан», «Малибу құтқарушылары» сияқты сериалдарда ойнаған актер әйелімен және діни қауымдастықтың басқа мүшелерімен бірге Cessna C501 ұшағына мінген. Әуе кемесі Нэшвилл қаласының маңындағы көлге құлады. Ұшақта барлығы жеті адам болған және олардың ешқайсының ұшақты басқару құқығы болмаған.

Джо Ларамен бірге оның диетолог болып жұмыс істеген әйелі Гвен, тағы екі ерлі-зайыпты опат болды, деп жазды Tenessean басылымы.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.