Алматылық ер адам өзінің 2026 жастағы әйел екенін білді

0 614

Алматылық ер адам Ashyq қосымшасы арқылы өзінің 2026 жастағы әйел екенін білген. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

«ЖСН 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді. ЖСН-ның құрылуы мынадай: алғашқы 6 сан — бұл адамның туған жылы, айы және туған күні, жетінші сан – адам және оның жынысы және қай ғасырда туғанын білдіреді. Қазақстан азаматының ЖСН-дегі жетінші саны 1-ден 6-ға дейін болуы мүмкін. Мысалы, 3 саны ер адамның 20 ғасырда туғанын білдіреді. Елдің тұрақты тұрғындарында бұл жағдайдағыда жетінші сан 0 болуы мүмкін. Ashyq ЖСН негізінде осы алгоритм бойынша адам жасын көрсетеді. Осы себепті қосымшада 2026 жылдың жасы көрсетілген», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ashyq қосымшасына адам жасы мен жынысы көрсетілетін қосымша қосылды, себебі ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен адам басқа адамдардың мәліметін қолданып, мекемеге кіруге тырысқан жағдайлар болған.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.