Алматыда ұрылар 4 банкоматты тонап кетті

0 384
Алматыда банкомат тонаумен айналысты деген күдікпен 4 адам ұсталды.

Белгілі болғанындай, ұрылар қылмыстық әрекеттерін түнде істейтін болған. Олар банктердің терминалдарын бұзып, кассетаны шығарып, ақшаны  алған соң, ұяшықты қайтадан орнынан салып кететін болған. «Күдіктілер қолға түсті. Олар төртеу. Олар өздерінің соңғы «жорықтары» барысында терминалдан 160 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен.

Тергеу барысында күдіктілер өздерінің 4 банкоматты тонағанын айтқан. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша тергелуде. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.