Бас партияның Құландағы жиыны

0 11

 

Т.Рысқұлов ауылындағы Құлан агротехникалық  жоғары колледжінде өткен «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясында аудан әкімі, партияның аудандық филиалы төрағасы Ерболат Садырқұлов баяндама жасады.

  • «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалында 20 бастауыш партия ұйымы мен 125 топ бар. Олар  4405 партия мүшесінің басын біріктіреді. Қазіргі уақытта партияның бастауыш партия ұйымдарын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Есепті кезеңде  партияның аудандық филиалының материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселесі күн тәртібіне қойылып, нәтижелі шешілді. Сонымен қатар аудандық филиалға қарасты 20 бастауыш партия ұйымын кабинет пен қажетті құралдармен жабдықталды.

Коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шаралары енгізілген сәтте аудан тұрғындары аймақтық филиалға  әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша көптеп қайырылды. Өткен жылдың 16 наурызы мен 31 желтоқсаны аралығында партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1539 өтініш түсіп, оның  70 пайызы оң шешімін тапты.

Жалпы партия аудандық филиалының есепті кезеңде  атқарған жұмысы  оның Саяси кеңес, Саяси кеңес Бюросы, Партиялық бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы сынды құрылымдардың нәтижелігігінен де көрінеді. Аталған партиялық құрылымдар соңғы 2 жылда өзіне жүктелген талаптың үдесінен толығымен шыға алды. Енді кезекте бұл  ресурстарды партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асыруға жұмылдырылады, –  деді Ерболат Салқанұлы.

Аудандық филиал төрағасының баяндамасынан соң «Nur Otan» партиясы Т.Рықұлов аудандық филиалы «Каменка» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Мұратжан Мейманханов, «Көкдөнен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Қасеналиева  Nur Otan» партиясы Т.Рықұлов аудандық филиалы «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Әбіләшім Мырқасымов  жарыссөзге шығып, жергілікті жерде саяси құрылымның жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Есеп беру сайлау-конференциясында «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын бекіту, «Nur Otan» партиясы  Жамбыл облыстық филиалының ХXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.