2022 жылы астанадағы әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңартылмақ

0 153

2022 жылы Н.Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылады.

Бұл туралы Н.Назарбаев халықаралық әуежайының атқарушы директоры Дәулет Хамзин айтты.

«Келесі жылы ұшу-қону жолағын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге келісімшарт жасаймыз. Жөндеу жұмыстарының форматы, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының мерзімі және қажет болатын қаржы сомасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесінде нақтылады», – деді ол.

Сонымен қатар алдағы уақытта екінші ұшу-қону жолағын салу да нақтыланады.

Бұған дейін әуе билеті қымбаттауы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.