Жұмыс тобы: Назарбаевқа «қолсұқпаушылық» туралы ескі нормалар жойылады

0 726

Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасұлов ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше мәртебе беретін нормалардың жойылатынын айтты. Бұл туралы хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОКҚ брифингінде журналист Ермек Әбдірасыловтан ҚР Тұңғыш Президентінің дерес құқығы туралы ережені Конституциядан алып тастай ма деп сұрады (91-бап, 2-тармақ, 46-бап, 4-тармақ). Ол барлық қазақстандықтар, оның ішінде журналистер де осы нормаларды алып тастауды сұрап отырғанын атап өтті. Қазір Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңестің мүшесі.

— Назарбаев Президент қызметінен кеткеніне қарамастан, ол әлі күнге дейін бәрін бақылайды және заң шығарумен айналысады. Сіз қоғамның талаптарына құлақ асатындығыңызды өзіңіз айттыңыз, бірақ бүгінгі күнге дейін сіз халықтың бірде-бір тілегін орындамадыңыз. Бұл сұрақты біз бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусинге қойдық, ол бұл мәселеде ештеңе шешпейтінін айтты», – деді журналист.

Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшесінің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі мәртебесін айқындай отырып, барлық басқа өкілеттіктер алынып тасталады.

«Қазір ол Конституциялық Кеңестің мүшесі бола алады, бірақ бұл қоғамдық орган, ал нақты заңгерлер отыратын Конституциялық сотта экс – президент бола алмайды, өйткені бірінші президент судья бола алмайды. 46-бап алынып тасталады, тек 91-бап қалады, онда ҚР Тұңғыш Президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазылады.  Онда басқа ештеңе болмайды», — деп түсіндірді ол.

46-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды.
2. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың ережелері Республиканың экс-Президенттеріне қолданылады.
4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады
Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық Заң 2000 жылы қабылданды. Оған сәйкес, Назарбаев елбасы мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылмайды. Оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге және күзетпен ұстауға болмайды.
Бұдан басқа, жеке меншік құқығымен Назарбаевқа және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық мүлікке қол сұғылмайды. Мүлікке тұрғын және қызметтік үй-жайлар, қызметтік көлік, байланыс құралдары, хат алмасу, оларға тиесілі құжаттар жатады.
Қол сұқпаушылық Тұңғыш Президент қорына және Назарбаев құрған өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады. Елбасының жеке меншік құқығымен және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қоюға болмайды. Сонымен қатар, Назарбаевқа және оның отбасына банктік шоттардың құпиялығы мен оларға тиіспеуге кепілдік беріледі.
Еске сала кетейік, ақпан айында Тұңғыш Президент туралы Конституциялық заңға түзетулер енгізілген болатын, оған сәйкес Назарбаев бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еліміздің Қауіпсіздік Кеңесін басқармайтын болады. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсынылатын бастамалар Назарбаевпен келісілуі тиіс деген ереже заңнан алынып тасталды.
Бұған дейін Назарбаев жаңа мәртебеге ие болатыны белгілі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.