Жүгері жинау жұмыстары жалғасуда

0 152
Жалпы Игілік ауылдық округіне қарасты 132 шаруа қожалық 1 кооператив тіркелген. Соның ішінде 105 ш/қ егін мен қалған 27 ш/қ мал шаруашылығымен айналысады.
Игілік өндірістік кооперативі биылғы жылы 76 га суармалы жерге жүгері егіп, бүгінгі күнге 20 га жүгері қайырылып, астық қырманға түсірілді.
Орташа есеппен 1 га егістіктен 70 центнерден өнім алуда.
Сонымен қатар «Сексенбаевтар» шаруа қожалығының басшысы С.Сексенбаев 3 га жерге комбайн жүргізіп 24 тонна өнімін жинап алды.
Жүгері жинау жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сарысу ауданы
Leave A Reply

Your email address will not be published.