Сарысуда сенбілік жұмыстары жалғасуда

0 149
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарайтын сарысулықтар бүгін абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлыққа арналған сенбілік шарасына белсене араласты.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Сенбілік аясында қала бойынша тазалық жұмыстарына 405 азамат қатысып, 2,5 тонна қоқыс шығарып, 525 метр арық жүйесін тазалады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.