Журналистер Жамбыл жырын жатқа оқыды

0 12

Жыр алыбы Жамбыл Жабаев өз заманында айтыс өнерінің, оның ішінде суырып салмалық өнердің хас шебері болған төкпе ақын. Сүйінбай Аронұлының тәлімін көріп, Қырғыздың адуынды ақыны Қатағанды тапқырлықпен қапы қалдырған ақынға кезінде КСРО билігі де айрықша құрматпен қараған. Ұлы Отан соғысында сарбаздарға рух беретін «Ленинграддық өренім» атты жыры ақын беделін одан сайын биіктеткен еді. Алып ақынның туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Осыған орай жыр алыбының атымен аталатын облыста ерекше челлендж бастау алды. Облыстық газеттердің басын біріктірген «Aulieata-media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы «Атырау-ақпарат» және «Қызылжар-ақпарат» медиа холдингтері мен «Атырау» телеарнасына, Тараз қалалық «Jambyl-Taraz» газеті редакциясы ұжымдарына ақын өлеңдерінен үзінді оқу челленджін жолдады.

Берері мол шараға өзге өңірлердегі іргелі ұжымдар қолдап білдіріп жатыр. Жамбыл облысының тумасы, бүгінде Atyrau телеарнасының тізгінін ұстап отырған Қанат Әуесбай да жамбылдық журналистер жолдаған жыр эстафетасын ыстық ықыласпен қабыл алғанын айтады.

  • Мен үшін Жамбыл облысының орны ала бөтен. Туып өскен жерім Тараз қаласының қасиетті екен деп білемін. Осы топырақта жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаев дүниеге келген. Жамбылдық журналистер жолдаған челленджді қуана қабыл алдым, – дейді.

Ал танымал актер Жалғас Толғанбай да Жамбыл жерінен Жамбыл ақынның өлеңдерін жатқа оқу бойынша жолданған челленджді ыстық ықыласпен қабылдап, оның шартына сай  «ХХІ ғасыр Гомерінің» «Менің пірім – Сүйінбай» деп аталатын өлеңін жатқа оқыды.

Журналистер мұрындық болған жыр оқу эстафетасын жергілікті тілшілердің ерекше қызығушылығын туғызған Эльмира Мырзағали басқаратын қалалық «Jambyl-Taraz» газеті ұжымы Жамбыл мұрасына деген құрметтің барша жастарға жігер, серпін беретін айтқан. Сол секілді 30 жылдық тарихы бар жергілікті   «Jambyl» телеарнасының ұжымы әріптестерінің челленджіне үн қосты.

Осылайша жергілікті журналистердің белсенділігі арқасында Жамбыл мұрасына көз салу, оны насихаттау жалпыхалықтық сипат алды. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі жүз жырлаған жыршының өнегесінің бүгінгі ұрпаққа берері мол. Жамбыл жырынан қазақ тарихының белгілі бір кезеңдеріне байланысты мол мағұлмат алуға болады. Онда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елдің жай-күйі жырланады.

1930 жылдары қазіргі Тараз қаласына Жамбыл атауы берілді. Ал 1939 жылы мұнда құрылған облыс Жамбыл облысы болып атала бастады. Жамбыл облысы Қазақстандағы ақын атымен аталатын жалғыз облыстың қатарына жатады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.