«Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Сондай-ақ, «Жыл тұлғасы» сыйлығына Ғалия Әбітаева лайық деп табылды. Ол ағымдағы жылы 30 жылға жуық баспанасыз жүрген, төрт ұлынан айырылған қос қарияға және оның екі жетім немересіне үй алып беру мақсатында кайырымдылық акция ұйымдастырып, баспаналы болуға атсалысқан. Ғалия Әділқызы індетке байланысты карантин талаптары мен тәртіптерін орнықты орындауға шақырған және вакцина салулары үшін, мыңдаған дәріптеу, насихаттау, үндеу жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың вакцина қабылдауына себепкер, негіз бола білген.
«Жыл меценаты» атанған Талғат Тургумбаев Жуалы аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 109 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берді. Оның ішінде заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған реанимобиль, 30 оттегі баллоны, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын қорғаныс құралдарын және 10 дана оттегі концентраторлары бар.
«Жылдың үздік ұйымы» номинациясын «Жамбыл облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жеңіп алған. Қоғамдық бірлестік ағымдағы жылы Байзақ ауданының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін 500 мың теңгеден астам қаражат жинап, оған Қайнар ауылындағы 19 отбасына азық -түлік сатып алып берген.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай (200 мың теңгеден) сыйлықтар табысталды.