Жомарт түлек спорт алаңшасын салып берді

0 24

Жамбыл облысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек-2021» жобасы аясында түлектердің туған ауылына тарту жасауы жүйелі жалғасын тауып келеді. Сәуір айында бастауын алған шара аясында күні бүгінге дейін жалпы сомасы 156 миллион  80 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетілген екен.  Жомарт түлектердің қаржыландыруымен ауыл-ауылда сән-салтанаты жарасқан ғимараттар салынып жатыр. Жамбыл ауданының атымтай жомарттары 14 миллион 998 мың теңгеге демеушілік көрсетіп, тұрғындардың игілігіне айналып үлгерген әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілуіне мұрынды болды.

Осы ауданнан түлеп ұщып, бүгінде жеке кәсіптің көрігін қыздырып жүрген Андрей Тимофеев Гродеково ауылына заман талабына сай «Street Workout» алаңшасын  салып берді. Бүгінде жастар арасында дәл осы спорт түріне деген қызығушылықтың жоғары екенін ескерсек Тимофеевтың туған жеріне тартуы ауыл жастарының салауатты өмірін салтын ұстануына жол ашарына күмән жоқ.

Спорттық алаңшада денені шынықтыруға арналған 20-дан астам түрлі жабдық бар. Оларда ауыл тұрғындары ешқандай ақысыз түрлі жаттығулар жасай алады.

Ауыл тұрғындары бұл спорттық алаңшаның ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік сыйлайтынына сенімді. Қазірдің өзінде ауылдағы 100-ге жуық осы бір спорт түрімен тұрақты айналысады. Олар да енді ауылдан шықпай-ақ жаттығу жасау мүмкіндігін сыйлаған кәсіпкерге дән риза.

– Сырт көзге күрделі әрі кешенді жаттығулардан тұратын болып көрінгенімен «Street Workout»-тың ережесі өте қарапайым. Алғашында америкалық жастар ойлап тапқан бұл спорт түрі жастарды шыдамдылыққа, төзімділікке және шапшаңдыққа тәрбиелейді. Әрі олардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Бұған дейін ауылда бұл спорт түрімен айналысуға арналған алаңша болған жоқ. Осының өзі «Street Workout»-қа ден қойғысы келетін жастар үшін үлкен кедергі болып келген. Ал енді бізде өз алаңшамыз бар. Мұнда қалаған уақытымызда спортпен айнылыса аламыз. Әрі ешқандайда ақы төлеудің қажет жоқ. Меніңше бұл спорттық алаң біздің облыста ауылға салынған алғашқы «Street Workout» алаңшасы болуы керек, – дейді Олжас Сабырұлы.

Бүгінде жастардың талғамына сай олар айналысатын спорт түрлері де өзгеріп келеді. «Street Workout»-қа қызығушылардың қатарының артуы соны көрсетеді. Бұл спортқа қалалар мен бірге ауыл жастарының құмартуы олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың кепіліне айналмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.