Жол сапасы жақсаруда

0 147

Жамбыл облысында ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы «Ауыл – ел бесігі» жобасы және жергілікті бюджеттер есебінен 12,7 миллиард теңге бөлініп, 479,1 шақырым жолды жөндеумен қамту жоспарланған. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдар үлесін 95 пайызға, елді мекен көшелері бойынша көрсеткішті 79,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Жол саласында қолға алынған жүйелі жұмыстар аудандар да өз деңгейінде жүзеге асырылып, ел қуанышын еселеуде. Мәселен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жуалы ауданында – бір, «Ауыл-ел бесігі» бойынша – жеті және жергілікті бюджеттен екі жоба қолға алынған. Жалпы Жуалы ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 561,2 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзақтығы 58,1 шақырым болса, қанағаттанарлығы 100 пайызды құрайды. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары 132 шақырым, ал қанағаттанарлығы 88 пайыз. Сол секілді аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 108,12 шақырым, ауылішілік автомобиль жолдары 263,0 шақырымды құрайды

– Ағымдағы жылы жалпы 373100,0 мың теңгеге 13 көше 15 шақырым автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 234 816,2 мың теңге қаржыға 13,153 шақырым автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап өтер болсақ, Б.Момышұлы ауылы Е.Сауранбекұлы көшесі – 17 276,7 мың теңге, ұзындығы – 1,107 шақырым. Б.Момышұлы ауылы, Тәуелсіздік көшесі – 28 701,7 мың теңге, ұзындығы – 1 шақырым. Мердігер «Жарқынбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ Көлбастау ауылындағы Б.Момышұлы көшесінен Байтоқов көшесіне дейінгі тұйық көшені, Ковешников көшесі мен Б.Майлин көшесінен Байтоқов көшесіне дейінгі тұйық көше – 59 976,3 мың теңге, ұзындығы – 3,41 шақырым. Мердігер «Жамбыл Дормострой сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар Көлбастау ауылы Б.Майлин, Байтоқов, Рысбеков көшелері – 65 614,3 мың теңге, ұзындығы – 3,9 шақырым. Мердігер «Жамбыл Дормострой сервис» серіктестігі тиісті жұмыстарын жүргізуде.

Сол секілді Шақпақ ата ауылы, Шақпақ стансасында, Теріс ауылы, Баркуап қалашығына кіреберіс жолдардың құрылыс жұмыстары басталды.  Құрылыс жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде, – дейді Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауов.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттен 144070,0 мың теңге қаржы қаралып,  Б.Момышұлы ауылындағы бірнеше көшенің құрылыс жұмыстары басталған. Ал Шақпақата ауылындағы жол жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.