Жобаларды жүзеге асыру жолдары пысықталды

0 74
Кеше «Сарысу»(Шоқпар) жел электр станциясының акционерлері «Visor Kazakhstan» компаниясының өкілдері Джихан Кыйкач мен Иван Максимов, «Шоқпар» жел электр станциясының директоры Ернұр Жиенбаев, мердігер Нұрбек Абишевті қабылдадым. Кездесу барысында жел электр станциясын соғу арқылы ауданға келетін инвестиция көлемі, түсетін салық, әлеуметтік көмектер, жұмыспен қамту мәселелері сөз болды.
Джихан мырза 2011 жылы алғаш Жаңатас қаласына келген кезі мен қаланың бүгінгі келбеті жайлы, облыстың өркендеуіндегі инвестициялардың алатын орны, әлеуметтік серіктестік арқылы халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономикалық өркендеуге жол ашылатынын жеткізді.
2021 жылы жел электр станциясының 100 МВт өндіретін жобасы нәтижелі түрде жүзеге асты, кездесу барысында екінші жобаны жүзеге асырудағы мәселелерді талқылап, қарадық.
Жалпы құрылысына 230 гектар жер бөлінсе, 14 гектар жер техникалық жол соғуға бөлінген. Мердігердің айтуы бойынша екінші жоба 2023 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады. Қазіргі таңда құрылыс барысында 200-ден астам адам жұмыспен қамтылса, жоба толығымен іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Ауданның экономикалық өркендеуі жолында 3, 4 жобаларды жүзеге асыру жолдары пысықталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.