Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесі қаралды

0 81
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан тұрғындарының әр салада туындап жүрген мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдауға өтініш білдіргендің басым көпшілігі екі қолға бір күрек таппай жүрген жұмыссыз азаматтар екен. Мәселенің мән-жайымен таныс болған Марат Қырғызәліұлы жұмыспен қамту орталығына барып, керекті құжаттарын өткізуге кеңес берді.
Екінші кезекте тұрғын үй мәселесі. Атап айтар болсақ, пәтер иесімен жалға алу қызметіне байланысты, арадағы түсінбеушілік туындаған азаматшаның өтініші бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, тиісті сала мамандарына тұрғындар тарапынан түскен өтініштердің уақтылы орындалып, мәселелерінің шешімін тапқанша тікелей өз бақылауына алатындығын жеткізді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.