Жетім де жетіледі

0 146

Қазақ ежелден-ақ «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» халық. Сол үшін де мемлекет асыраушысы жоқ және ат-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баса назар аударып , оларды қамқорлығына алғысы келген азаматтардың бауырына басуда. Себебі кез келген балаға тәрбиенің отбасылық тұрғыда берілуінің маңызы айрықша. Қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  128 бала Республикалық деректер банкісіне тіркелген екен. Оның ішінде асырап алуға – 88 бала, 40 баланы қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге және қабылдаушы отбасы мен отбасы үлгісіндегі балалар үйіне орналастыруға  мүмкіндік бар.

Әрбір келіп түскен бала Республикалық деректер базасына автоматты түрде тіркеледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығының 2 тарауының 1 параграфының 7 бөлігіне сәйкес мекеме қызметкерлері балалар туралы мәліметтерді толтырады. Өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген азаматтар база арқылы бала туралы толық мағлұмат ала алады.

Осындай жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде осы жылы мекемелерден 18 бала отбасына және оқу орнына 10 түлек   орналастырылды, оның ішінде қамқоршылыққа және қорғаншылыққа -8, патронаттық тәрбиеге — 1, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне — 1, асырап алу -1, өз отбасына – 7 бала қайтарылды. 2016 жылдан бастап 29 (2021 ж.-4 бала) қамқоршылықтың, патронаттық тәрбиенің күші жойылып, қайталама жетімдікпен түскен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Олардың 20-ы (ОҮБҮ-1, қорғаншылық пен қамқоршылыққа 12, патронаттық тәрбиеге-7) отбасыларына қайта орналастырылған. Қалған 9 бала мекемелерде.

Балалардың кері қайтуының себептері: қорғаншылары мен жастарының өтпелі кезеңіне байланысты тіл табыспауы, баланың ауруына байланысты баладан қорғаншыларының бас тартуы және үшінші бір тұлғаның   арыз шағымына байланысты.

         Облыста қайталама жетімдіктің алдын алу мақсатында ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 91-бабының 4 тармағына сәйкес жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлықтан «Ана Үйі» ҚҚ және Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары оқыту жүргізуде.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматары психологиялық даярлау бағдарламасы бойынша 364 қабылдаушы ата-ана сертификат алды, психологиялық даярлықтан өтіп жатқандар-77, кезекте тұрғандар — 56 отбасы.

Қабылдаушы ата-аналар мектебінен даярлықтан өтетін әрбір кандидаттан алғашқы диагностика алу барысында ата-аналардың басым көпшілігі жаңа туылған нәресте және бауырлары жоқ балаларды алғысы келетіні анықталады. Сол себепті 3 жастан жоғары балаларды асырап алу төмен көрсеткіш көрсетіп тұр.

Биыл өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау қызметіне — 363 бала орналастырылды. Оның ішінде сот шешімі негізінде арнайы мектепке — 9 бала, қолдау қызметіне — 10 бала, ата-анасына — 316 бала қайтарылып, 28 – бала әлеуметтік дәрежесі анықталғанға дейін орналастырылып орталықта тәрбиеленуде.

Тараз қаласы мен аудандық білім бөлімдерінде қорғаншылық және қамқоршылық мәселелерімен 14 маман (Тараз-3, Байзақ-1, Жамбыл-1, Жуалы-1, Талас-1, Сарысу-1, Т.Рысқұлов-1, Мерке-2, Шу-1, Қордай-1, Мойынқұм-1), 2 әдіскер (Шу -1, Қордай-1) айналысады.

Облыста балалар үйлері түлектерін бюджеттік негізде 100 пайыз арнаулы және жоғары оқу орындарына орналастыру үрдісі қалыптасқан. Биылғы жылы балалар үйлерін бітіріп шыққан 10 түлектің 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласына, 8-і Тараз қаласындағы  колледждерге оқуға түсті.

Балалардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар білім басқармасының бақылауында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.