Жастармен кездесу өтті

0 5

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп  бара жатқаны, ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді аландатады.

Осыған орай   аудандық  ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қаратау тау-кен технологиялық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізілді. Кезде­суге  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов және «Адал­дық аланы­» кеңсесінің  аға инс­пекторы Айгерім Шәйділдә қатысып, бі­лімгерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдың алу шараларымен таныстырды.

Қандай да жағдай болмасын, кор­рупцияға жол бермеуге және жем­қорлықпен бірлесіп қарсы  күресуге шақырды. Сонымен бірге, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқор­лық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге нұсқау берілді. Саналы ұрпаққа адал жолмен  табыс  табуға және елдің болашағы — жас ұрпақтың қолында екендігі  түсіндірілді.

Осы сәтте Елбасымыздың қанатты сөзі еске түседі. «Парақорлық, сыбайлас жемқорлық жайлаған елде әділетсіздік, имансыздық, қызғаныш қаулап тамыр жаяды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес­ті ешкімнің бет шырайына, лауазымы­на, шен-шектейіне қарамай жүргізу керек», — деген Елбасы  жемқорлықпен қарсы күресуге шақырады.

Іс-шара барысында жастар ойларын­да жүрген өзекті сұрақтарына жауап алды.

Аяулым Есқожа,

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау қаласы

бойынша инспекторы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.