Жәния Джуринская жолдасы екеуі 114 адамға үйлену тойын жасамақ

0 40

Жәния Джуринская жолдасы екеуі үйлену тойын жасамақ. Актрисаның айтуынша, үйлену тойына 100-ден астам адам келеді. Әнші көпшілікке қуанышын айтып, жаңалығын бөлісті.

Бұл туралы актриса желідегі парақшасында айтты.

«Біз жақында күйеуім екеуміз досымыздың тойына барып, өзіміз де той жасайтын болып шештік. Ұзақ ойланып, той жасауға шешім қабылдадық. Сенесіздер ме? Солай 114 адамға тізім жасадық. Қалай қысқартсақ та, қысқармай жатыр. Менің ең жақын достарымның өзі 50 адам болып тұр. Адам санын қысқарту қиын екен. Сұрайын дегенім. Тойды қанша адамға жасауға болады? Қай жерде жасағанымыз жақсы. Ой қоссаңыздар екен», — деді Жәния.

Желі қолданушылары құттықтасып, өз пікірін айтты.

«Той жасаған жақсы ғой. Бір рет ақ көйлек киген дұрыс», «Өміріңізде бірінші рет үйленген соң той жасаған дұрыс қой», «Той жасауға рұқсат етті ме?», «Әркім шамасына қарай көсіледі», «Бір қой сойсаң да той жаса деген хадис бар», «Шағын адаммен өткені жақсы», «Көп адамға рұқсат жоқ, сол үшін қысқарта алмай жатыр», «Өте жарасасыздар, бақытты болыңыздар», деп жазды олар.

Айта кетейік, актрисаға сүйіктісі тұрмыс құруға ұсыныс жасаған еді. Қуанышы қойнына сыймаған ол бұл туралы желіде жазды. Алла алдында ақ адал неке қиылды. Жастар заңды ерлі-зайыпты атанды.

stan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.