Жаңаталаптың жағдайымен танысты

0 329

Кеше Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев жұмыс жоспарына сәйкес ең алдымен ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл қарияларымен кездесті.
Сонымен қатар ауылдық округке қарасты мекемелер білім беру, денсаулық сақтау нысандары мен су жинау қоймасының құрылыс жұмысымен танысты.
Ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ерубаев пен жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Қ.Жайханов жаңадан тағайындалған Сарысу ауданының әкіміне жұмысына сәттілік, табыс тіледі.
Аралау барысында көтерілген мәселелер:
1. Жаңаталап орта мектебі жанынан спорт зал, асхана, мәжіліс залын салу.
2. Жаңаталап және Ұйым ауылдарындағы ауыз су құрылысын толық әрі сапалы аяқталуын қадағалау.
3. Ауылдық округте тазалықты күнделікті бақылауда ұстау.
Аралау жұмыстарының соңында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ауылдық округ әкіміне және аудан әкімінің орынбасарларына бірлесе отырып, көтерілген мәселелер жөнінде заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.