Шалғай ауылдың жай-күйімен танысты

0 282

Сарысу ауданның әкімі Марат Сұлтанғалиевтің танысу сапары Тоғызкент ауылдық округінде жалғасты.

Аудан басшысы Тоғызкент ауылдық округінің тыныс- тіршілігімен танысып, бірінші кезекте Майлыкөл елді мекеніне ат басын бұрды.

Ондағы фельдшерлік пункттің жылытылуы және бүгінгі ахуалына назар аударды.

Тура осындай Тоғызкенттегі дәрігерлік амбулатория мен «Түгіскен» орта мектебінің де жұмыс атқару деңгейін тексерді.

Сонымен қатар, спорт мектебі, «Жанна» бөбекжай бақшасы, ауылдық клуб үйі, кітапхана т.б жағдай да назарадан тыс қалмады.

Ал, Әбілда ауылындағы әлеуметтік нысандардың да ахуалы тұрақты.

Тоғызкент ауылынан шыққан соң, аудан орталығынан шалғайда жатқан Досбол ауылдық округіне жол тартты.

Екі ауылдық округтің әкімдік аппараттарында болып, тұрғындар тарапынан туындап жатқан ұсыныс-пікірлерге назар аударды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.