Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде 1С ЦСО брендтелген кабинеті салтанатты түрде ашылды
2026 жылғы 4 наурызда Жамбыл инновациялық жоғары колледж базасында студенттердің практикалық-бағдарланған даярлығын күшейтуге, цифрлық құзыреттерін дамытуға және 1С бағдарламалық өнімдерімен кәсіби жұмыс дағдыларын қалыптастыруға арналған заманауи білім беру кеңістігі — 1С ЦСО брендтелген кабинеті салтанатты түрде ашылды.
Жоба 1С Казахстан компаниясы мен НАО «Talap» қолдауымен жүзеге асырылып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.
Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың, салалық ұйымдардың, әлеуметтік серіктестер мен өңірлік жұмыс берушілердің өкілдері қатысты. Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Н.Ә. Оршубеков құттықтау сөз сөйлеп, білім беру үдерісін цифрландырудың, практикалық-бағдарланған оқытуды дамытудың, сондай-ақ студенттерді сертификаттау мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
«1С Қазақстан» оқу орталығының жетекшісі Г.М. Керейбаева және серіктес ұйымдардың өкілдері кәсіби білім беруді дамытуға қосқан үлестері, тағылымдамадан өту, сертификаттау мүмкіндіктері және түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы баяндады.
Іс-шара аясында «1С:Соревнование» халықаралық конкурсының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға жоғары кәсіби дайындық деңгейін растайтын дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Колледж директоры А.А. Айбеков брендтелген кабинеттің ашылуы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды қадам екенін және студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие цифрлық құзыреттерді меңгеруіне мүмкіндік беретінін атап өтті.
Салтанатты шараның негізгі сәті — символикалық лентаны қию рәсімі және кабинеттің ресми ашылуы болды. Қонақтарға орталықтың мүмкіндіктері таныстырылып, 1С бағдарламалық өнімдерімен практикалық жұмыс демонстрациясы көрсетілді.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған колледж базасындағы 1С ЦСО дамыту Жол картасы таныстырылды. Құжатта білім беру бағдарламаларын кеңейту, жаңа курстар енгізу және студенттердің кәсіби сертификаттау деңгейін арттыру жоспарлары қамтылған.
Ресми бөлім үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды. Құжатқа білім басқармасы, «1С Қазақстан» оқу орталығы және колледж басшылығы қол қойды. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп саласы бойынша мамандар даярлау мақсатында кәсіби бухгалтерлер ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
1С ЦСО брендтелген кабинетінің ашылуы Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға болып, цифрлық экономика талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадамға айналды.
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Next Post
Современные тенденции развития онлайн-торговли демонстрируют четкое движение в сторону децентрализации и анонимности. Ярким примером служат платформы, доступные через kraken marketplace для приватной коммерции, которые объединяют участников из разны стран мира.