Ербол Қарашөкеев: Мектеп – баланың екінші үйі, шәкірт – елдің ертеңі


«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи технологиялармен жабдықталған 7 мектеп іске қосылып, үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешімін тапты. Сонымен қатар биыл 14 білім беру нысанының құрылысына қаржы қарастырылған. Оның ішінде 5 мектеп және 9 жапсарлас құрылыс бар.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста 2025-2029 жылдарға арналған 133 мектепті жаңғырту жоспары бекітілді. Өткен жылы 10 мектеп жаңғыртылса, биыл 6 білім беру ұйымында тиісті жұмыстар жүргізілуде.Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 80 мектептегі 207 оқу кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.«Білім саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Қаржы да, мүмкіндік те бар. Ендігі мәселе – осы мүмкіндікті нақты нәтижеге айналдыру. Мектептің материалдық базасы жаңарғанымен, білім сапасы артпаса – жұмысымыздың толық нәтижесі жоқ. Сондықтан әрбір білім беру ұйымының жұмысы нақты нәтижемен бағалануы тиіс», – деді Ербол Қарашөкеев.
«Бала қауіпсіздігі – кез келген көрсеткіштен жоғары тұратын мәселе. Бір баланың қауіпсіздігіне қатысты немқұрайдылықтың өзі – біз үшін жол беруге болмайтын жағдай», – деді облыс әкімі.
«Біздің міндетіміз – оқушыны технологияны жай ғана пайдаланушы емес, ақпаратты саралай алатын, сыни ойлайтын, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға ретінде қалыптастыру. Жасанды интеллект – ұстазды алмастыратын құрал емес, оның кәсіби мүмкіндігін арттыратын көмекші құрал болуы тиіс», – деді Ербол Қарашөкеев.
«Мектеп – баланың екінші үйі. Ұстаз – оның өмір жолындағы бағыт беруші. Шәкірт – еліміздің ертеңі. Ендеше жаңа оқу жылын жаңа міндеттермен ғана емес, жаңа нәтижелермен бастайық!» – деді Ербол Қарашөкеев.