Жамбылда егілгендер саны 6 мыңға жуықтады

0 6

Әлемді дүрліктірген коронавирус инфкциясы айылын жиятын түрі жоқ. Кім қамсыздық танытса, соны өлімге жетектеген тәжтажалдың күшейетін кезі адамдардың әлсіздік танытуына тікелей қатысты. Індет білгенін істеп, дегенін болдырмас үшін халықтың қорғаныс шебін күшейтуі өте маңызды. Ал быздың басты қорғаныс шебіміз – екпе. Короновирус инфекциясымен күрес жүргізіп жатқан денсаулық сақтау саласы мамандарының жұмысын жеңілдететін де осы екпе. Егер әркім өз денсаулығын, ұлт болашағын ойлап вакцина салдыратын болса, ағзада індетке қарсы антидене пайда болу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасады. Мұндай жағдайда адамдардың бір-бірінен вирус жұқтыру қауіптілігі азайып, індеттің еретере ауыздықталуына жол ашылады. Сол үшін де халықтың жаппай екпе салыдруы маңызды. Медицина мамандарының айтуынша, осы жылдың тамыз айының 18-іне дейін тәулігіне облыста 5 мың 725 адам екпе алыпты Оның ішінде 1 айналымда 3 мың 15 адамға, 2 айналымда 2 мың 710 адамға екпе жасалған. 18 тамыздағы жағдай бойынша 1 рет барлығы 33 мың 484 адам вакцинациясалдырған. Бұл халқының ішінде екпе алуы тиіс 582 мың адамның 56,8 пайызын құрайды екен. Оның ішінде 18 мың 807-сі медицина қызметкерлері (5,7%) болса, 37 мың 166-сы білім беру ұйымдарының қызметкерлері (11,2%). 18 мың 950 азамат күш құрылымының мамандары (5,7%) болса, 7 мың 308 адам мемлекеттік қызметкерлер (2,2%) көрінеді. вакцина алғандардың 13 мың 724-і студенттер (4,1%), 571-і — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 49 мың 931-і созылмалы аурулары бар тұлғалар (15,1%) және 184 мың 27 адам әртүрлі санаттағы тұрғындар(55,7%).

– Екпе алған 330 мың 484 адамның, 252 мың 425-і вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер болған жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның «Спутник V» — 1 компонентінен 64 мың 55 доза және 2 компонентінен 36 мың 70 доза қалды. «QazVac»-тың 1 айналымына 198 доза және 2-ші айналымына 3880 доза сақталып тұр. Сол секілді «CoronaVac» — вакцинасының екінші айналымы үшін 1 мың 530 дозадан тұратын екпа, «Hayat-Vax»-тың 2 айналымына – 1 мың 311 доза сақталған. Синофарм «VeroCell» 1 туры үшін 21 мың 579 доза қалды. Халықты вакцинациялау жұмыстары жалғасып жатыр, – дейді облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Алла «Сақтансаң сақтаймын депті» деген қанатты сөз бар халқымызда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.