Жамбыл облысында ҚАЖД бастығы сотталғандарға жеке қабылдау өткізді

0 238

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев қатаң режимдегі түзеу мекемесінде сотталғандарға жеке қабылдау өткізді.

Нияз Қанатұлының төрағалығымен өткен жеке қабылдауға облыс прокуратурасының 5-ші басқарма бастығы әділет кеңесшісі Өсер Арынтаев, оның орынбасары Ғалым Қонақбаев, облыстық Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Гусейналы Насиров және қоғамдық бақылау комиссияның төрағасы Дмитрий Халидов қатысты.

Жеке қабылдау барысында сотталғандар негізінен заң талаптарын түсіндіру және құжаттандыру және жеке мәселелері бойынша жүгінді. Жазасын өтеушілерді шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жұмысқа орналастыру, жазаны өтеу тәртібіне қатысты мәселелер қызықтырды. Бұдан бөлек, қабылдауда колония қызметкерлерінің жазаларды орындау саласындағы заңнамаларды және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауына баса назар аударылды.

Кездесу соңында Нияз Қанатұлы келіп түскен ұсыныс-тілектердің барлығын назарға алып, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың жағдайын жақсартуды оңтайландыру бойынша түзеу мекемелерінің басшылырына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.