Өңірдің дамуы өндіріске тікелей байланысты
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Современные тенденции развития онлайн-торговли демонстрируют четкое движение в сторону децентрализации и анонимности. Ярким примером служат платформы, доступные через kraken marketplace для приватной коммерции, которые объединяют участников из разны стран мира.
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының» басқарма төрағасы Серік Нұрғожаев жуық арада жұмысшылар саны тағы да артатындығын айтты. Ал қант зауытының құрылысымен айналысып жатқан мердігер бүгінгі күнге дейін 800 миллион теңге көлеміндегі қаржыны игерсе, жыл соңына дейін 1 миллиард 200 миллион теңгені игермек. Өз кезегінде облыс әкімі қант зауытының іске қосылуы аудандағы шаруашылықтардың жұмысына ерекше серпін беретінін атап өтті. Зауыт 2023 жылы толық қуатында іске қосылмақ.
Өңір басшысы бұдан соң республикалық мәндегі «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының бүгінгі жай-күйімен танысты.
Осы күре жолдың Шу ауданына тиесілі аумағында үш бірдей көпір салынуда. Оның біреуі темір жолдың үстінен салынса, екіншісі аудан орталығының іргесіндегі Қорағаты ауылдық округінде орналасқан, үшіншісі – Шу өзенінен өтетін көпір.
Жалпы ұзындығы 266 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның құрылысына «АБК автодор НС» ЖШС мен «Синьсин құрылыс және дамыту қытай компаниясы» ЖШС жауапты.
Осыдан екі жыл бұрын басталған жобаға қомақты қаржы бөлінген. Дәлірек айтқанда, Шу мен Меркі аудандарын жалғап отырған автожолды қайта жаңғырту үшін 9,1 миллиард, Шу қаласын айналып өту үшін салынған жолға 4,1 миллиард және «Шу-Хантау» автожолына 3,1 миллиард теңге қаржы қарастырылған.
Мұндағы құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырған «Қазавтожол» ҰҚ АҚ облыстық филиалының директоры Айжан Туғанова қазіргі таңда жұмыс 85 пайызға аяқталғанын жеткізді. Алайда, облыс әкімі өткен жылы белгіленген меженің орындалмай отырғанын айтып, жұмыстың сылбыр жүріп жатқанын сынға алды.
