Жамбыл облысында 72 бас қой ұрлаған күдіктілер ұсталды

0 35
👮🏻Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Байзақ ауданындағы шаруа қожалығының қорасынан бірнеше рет мал ұрланып, келтірілген шығын 72 бас қойды құраған.
‼️Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды. Олардың бірі бұрын осы шаруашылықта қойшы болып жұмыс істегені және қораның орналасуы мен мал бағу тәртібін жақсы білгені анықталды.
📍Тергеу кезінде ұрланған малдың бір бөлігі табылып, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.
📌Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығына қатысты 18 қылмыс ашылып, 32 адам ұсталған. Сондай-ақ полиция мал ұрлығымен айналысқан 10 қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан.
Leave A Reply

Your email address will not be published.