«Қыздың намысын ер-азамат қорғауы – парыз». Бұл – қазақтың қайсар перзенті, даңқты қолбасшы, ұлт руханиятының темірқазығы болған Бауыржан Момышұлының ұстанымы. Осы бір ауыз сөздің астарында тұтас ұлттың тәрбиесі, ер азаматтың болмысы мен қоғамның адамгершілік деңгейі жатыр.
Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда өз анасын ардақтап, өз қарындасын қорғап жүргенімен, өзгенің қызын менсінбейтін, әйел затын қорлайтын, намысына тиетін әрекеттерге баратын азаматтар кездеседі. Мұндай көзқарас – тәрбиенің әлсіздігінен, ар-ұяттың азаюынан туындайтын қауіпті құбылыс.
Қазақ халқы ежелден қыз баланы төрге шығарып, «Қыз – елдің көркі» деп құрметтеген. Қызға құрмет көрсету – тек бір отбасының емес, тұтас ұлттың абыройын сақтау деген сөз. Себебі әрбір қыз – біреудің қызы, біреудің қарындасы, ертеңгі күні бір шаңырақтың анасы.
Бауыржан Момышұлы ер азамат пен жай ғана еркек атаулының айырмасын дәл сипаттайды. Шынында да, ер азамат болу үшін тек ер жынысты болып туу жеткіліксіз. Ер азамат – әлсізді қорғайтын, әділетсіздікке қарсы тұратын, әйел-ананы құрметтейтін, қыз баланың ары мен намысын аяқасты етпейтін тұлға.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде әйелдерді кемсіту, қыздарды мазақ ету, ар-намысына тиетін сөздер айту көбейіп барады. Мұндай әрекеттер қоғамның моральдық деңгейіне қауіп төндіреді. Әйелге құрмет көрсетілмеген жерде береке де, тәрбие де болмайды.
«Ананы ардақтаған, қызды қадірлеген еркек заты ғана азамат атына лайық» деген сөз әрбір азаматтың жүрегінде жазылып тұруы тиіс. Себебі анаға құрмет пен қызға ізет – адамдықтың ең биік өлшемдерінің бірі.
Ұлттың болашағы қыздың тәрбиесімен, ал қыздың қауіпсіздігі мен абыройы ер азаматтардың жауапкершілігімен тікелей байланысты. Сондықтан әрбір азамат өз анасына қандай құрмет көрсетсе, өзгенің анасы мен қарындасына да сондай құрметпен қарауды үйренуі керек.
Қызды қорғау – әлсізді қорғау емес, ұлттың намысын қорғау.
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Next Post
Современные тенденции развития онлайн-торговли демонстрируют четкое движение в сторону децентрализации и анонимности. Ярким примером служат платформы, доступные через kraken marketplace для приватной коммерции, которые объединяют участников из разны стран мира.