Жамбыл ауданы жиын-терімге дайын

0 239

Әне-міне дегенше күз айы да басталады. Жер емген дихандар үшін нағыз қарбалас енді басталады. Өйткені алда ала жаздай пейнеттеніп жүріп өсірген егіс алқаптарынан түскен түсімді шашпай-төкпей жинап алу міндеті тұр. Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өнідрушілері де нақ осы науқанға сақадай сай тұр. Мәселен Айшабибі ауылдық округі

«Шінәлиев А.» шаруа қожалығы биыл 30 гектар алқапқа пісте отырғызған. Шаруа биыл пістеден мол табысқа кенелетін болса, келер жылы оның ауқымын көбейтемін деп отыр. Су үнемдеудің пайдасын алқабына тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы көріп отырған «Адем-Агро» шаруа қожалығының 32 гектар пияз алқабы бас байлап үлгерген. Қожалық иесі Әзірет Мұсаев жиын-терім кезінде пияздың гектарынан 120 тоннаға дейін өнім алатынынан үмітті. «Азамат» шаруа қожалығы 7 гектар жерге алма, өрік ағаштарын отырғызған екен. өріктің түсімі жаман болмаған сыңайлы. Алманың да кейбір сұрпы жинап алынған. Алқапқтағы арық-атызға су тоған-каналдардан еш кедергісіз жеткізіледі еен. Бұл ағын су тапшылығы жоқ деген сөз. Бір айта кетерлігі щаруаны мұндағы электр жарығының жоқтығы қинап жүрсе керек. «Азамат» шаруа қожалығының алқабының қасында 20 гектар жер бос жатқан сыңайлы. Келесі көктемнен бастап ол жерге шаруа құлпынай, таңқурай секілді жеміс-жидек ағаштарын отырғызуды көздеп отыр екен. «Байелі» ШҚ-ның 20 гектар жүгері алқабы, Гродиково ауылдық округіне қарасты «Сандель-Агро» ШҚ-ның 160 гектар сүрлемдік жүгері алқабын оруға дайын тұр.

Жалпы Жамбыл ауданының шаруалары негізінен егіс алқаптарын «Райс» каналы арқылы суландырады. Осы бір ғана канал 3 мың 100 гектар алқапты суарып отыр. Десе де «КазСуШар» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облыстық филиалы Аса өндірістік бөлімшесіне аудан басшылары лотокты кеңейтіп, ретке келтіру жұмыстарын жандандыру жөнінде қажетті ұсыныс жолдамақшы екен.

Аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзеевамен бірге аталған округке қарасты «Шарипов» шаруа қожалығының 80 гектар картоп алқабын көріпті. Ол  мұнда жиын-терін науқанының аяқталуына бір күндік жұмыс бар екенін айтып отыр. Гектарынан 13-15 тонна өнім алып отырған шаруаның еңбекқорлығын сөз етті.

– Бұл шаруашылық биыл су тапшылығын қатты сезінді. Десе де шаруа су жоқ деп қол қусырып отырмады. Ала жаздай арық жағалап жүріп, картобын өсірді. Судан тапшылық көрмегенде бұдан да жақсы өнім алуына болатын екен, – деді деді аудандық мәслихат хатшысы.

Айтуынша 220 гектарға қызылша орналастырылған алқап та биыл судың болмауынан аңқасы кепкен көрінеді. Бұл алқаптар негізінен кіші Аса өзені арқылы суарылады екен. Алайда, бүгінде бұл өзен суы ерте тартылып қалған. Дегенмен, бастапқы судың жақсы болуынан өскіндер жайқалып тұр.

Егістіктерді аралабарысында Р.сейітов және өзге де ауданның ауыл шаруашылығына жаупты басшылары келешекте шаруаларды қиындыққа ұрындырмайтын амалдарды қазірден жоспарға енгізу керек деп түйін жасапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.