Жамбыл ауданы – бірінші орында

0 175

Бүгін дәстүрлі облыстық тамыз кеңесінде Ұлттық біріңғай тестілеу көрсеткішінің нәтижелері назарға ұсынылып, алғашқы орындардан Жамбыл ауданы бой түзеді (91,4).

Көрсеткіш бойынша аудан мектептері бірінші орынға қол жеткізген.

Сондай-ақ тамыз кеңесінде «Ең үздік ауыл мектебі”номинациясының жеңімпазы Аса ауылындағы Ю.Гагарин мектеп-лицейі деп танылды. Білім ордасы осымен бұл номинацияны екінші мәрте жеңіп алып, миллион теңгенің сертификатын еншіледі.

Жағымды жаңалық туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова бөлісіп, аудан ұстаздарына алғысын білдірді.

Жоғары көрсеткішке қол жеткізген аудан мектептерінің ұстаздарын өз кезегінде аудан әкімі Сәкен Арубаевта құттықтап, ризашылығын жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.