ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ «ШҰҒЫЛА-РАДУГА» ГАЗЕТІНЕ – 60 ЖЫЛ!

0 4
Өңірдің тыныс-тіршілігін айшықтап, елдің мұң-мұқтажын жеткізіп, талай қаламгер мен журналистің қанатын қақтырған аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің 60 жылдық мерейтойына орай Жамбыл ауданының білім бөлімі “Баспасөз — қоғам дамуының тетігі” тақырыбында аудандық эссе байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың туған жерге, ұлттық журналистикаға деген құрметін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және аудандық басылымның қоғамдағы маңызын дәріптеу.
Барлық қатысушыларға диплом, жеңімпаздарға арнайы сыйлық, жетекшілерге алғыс хат табыс етілді. Демеушілік көрсеткен. “Шұғыла- Радуга” газетінің редакциясы. Туған өлкеміздің шежіресіне айналған «Шұғыла-Радуга» газетінің мерейі үстем болып, шығармашылық ғұмыры ұзақ болсын!
Leave A Reply

Your email address will not be published.