Жұлдыз Сүлейменова ауылдық шағын жинақты Бірлік мектебінің жұмысымен танысты

0 26
📚Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Бірлік мектебіне барып, білім беру ұйымының жұмысымен танысты.
🤖Бірлік мектебі — ауылдық жерде орналасқан шағын жинақты білім беру ұйымы. Мектеп Павлодар облысында орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жобасына қатысатын бес мектептің бірі. Қазіргі уақытта мектеп педагогтері Астана қаласында жасанды интеллект бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр.
📌2026-2027 оқу жылында мектепте 67 оқушы білім алады, 23 педагог жұмыс істейді.
🏫Мектепте ауыл балаларының сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін заманауи білім беру ортасы қалыптастырылған. Оқу кабинеттері, информатика кабинеті мен зертханалар оқушылардың тәжірибелік білім алуына және цифрлық дағдыларын дамытуына жағдай жасайды. Сондай-ақ спортзал мен асхана қарастырылған.
✅Бірлік мектебінде ауыл оқушыларының заманауи білім ресурстарына қол жеткізуіне және жаңа технологияларды меңгеруіне қажетті жағдай жасалған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.