Жалпақтөбеде жаңа мекеме ашылды

0 211

23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Аталған кәсіби мереке қарсаңында Жалпақтөбе ауылында жаңа учаскелік пункт ашылды. Бұл нысаннның жұмыс уақыты – таңғы сағат 9.00 мен түнгі 23.00 аралығы. Демалыссыз жұмыс істейтін мекеме ішіне заманауи құрал жабдық пен қажетті жиқаз орнатылыпты. Аталған пункт орта есеппен 32800-ге жуық тұрғынға қызмет ұсынады. Жергілікті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ететені мекменің ашылғанына жалпақтөбеліктер дән риза.
Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бахыт Ратаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Татенов, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев және ІІО-нің Жамбыл ауданындағы ардагерлері Учаскелік полиция пунктің ашылу салтанатынатына қатысып, сөз сөйледі. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бахыт Тілеулесұлы аумақ тұрғындары мен тәртіп сақшыларын отандық полицейлер мерекесімен құттықтап, ашылғалы тұрған учаскелік пункт ел байлығы тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін ұлт мүддесі мен ел тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірі екенін тәптіштеді.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Болатұлы Полотқосшы ауылының тұрғындары енді аудан орталығы Аса ауылына бармай-ақ, құқық қорғау органына қатысты мәселелерін жергілікті жерде шеше алаиынын жеткізді. айтты. Ауылдың аузы дуалы ақсақалы бата беріп, ақ жаулықты әжелер шашу шашқаннан кейін эжұртшылық ғимарат ішін аралап көрді.
Аталған учаскелік полиция пунктінің алаңы 205 шаршы метрді құрайды. 23 миллион теңге қаржы жұмсалған учаскелік пункт аудан орталығына тиесілі қала маңындағы елді мекендер үшін жұмыс істейтін болады. Оған ауылішілік 3 бейнебақылау камерасы қосылған. Мекеме бүкіл стандарттарға сай жасақталған. Мұнда полиция қызметкері мен сегіз қызметтік автокөлік бар екен. Ондағы полицейлерге күндіз-түні жұмыс істеу міндеттелген. Бұған дейін осы аумақтың учаскелік полиция инспекторлары 12 қылмыстың бетін ашып, 1 мың 238 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған екен.
Мереке қарсаңында өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған учаскелік полиция инспекторлары Нұржан Жұмағұлов пен Асылбек Сүйеубаевқа аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Татенов арнайы «Алғыс хатпен» табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.