Ардагерге құрмет

0 190

ҚР қылмыстық Кодексінде қарастырылған жазаларды өтеу және атқару кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларын жүйелейтін орган – қылмыстық атқару жүйесі мекемесі. Ал оның негізгі міндетінің бірі – сотталған адамдарды түзеу, жазаны атқарумен өтеудің тәртібі мен жағдайларын дұрыс ұйымдастыру. Бұл мекеме қылмыстылық және оның алдын алумен айналысатын басқа да мемлекеттік органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Атап айтқанда, қылмыстылықпен күрес жүргізетін полиция, прокротура, сот органдары секілді мекемелермен қойын-қолтық жұмыс жүргізеді. Қылмыстық атқару жүйесі мекемесі сотталған адамдардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғаумен, әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсетумен айналысатын болғандықтан қоғамда түзету мекемесі сотталған адамдарды жазалаумен емес, оларды қоғамға бейімдеумен айналысатын орган ретінде танылған. Сол үшінде бұл мекеменің қоғам қауіпсіздігі үшін маңыздылығы айрықша. Ал осы салада жұмыс істеу әркім үшін мәртебе. Әсіресе ұзақ жыл еңбек еткендерге көрсетілер құрмет алабөтен.
Жақында 23 маусым – Полиция күні қарсаңында облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі саласы ардагерлерінің шаңырақтарына барып, оларды арнайы мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Мәселен осы салада ұзақ жыл еңбек еткен Ақылбек Оразгелдиевтің орны бөлек. Ол бүгінде құрметті зейнет демалысында. Әр жылдары түрлі қызмет атқарған Ақылбек Теңгебекұлы 2009-2016 жылдар аралығында ЖД-158/1 мекемесінің бастығы болған еді. Жұбайы – Қарлығаш Ниязбекова да осы салада қызмет етіп, «әділет майоры» шеніне дейін көтеріліп, зейнеткерлік демалысқа шыққан әже. Екеуі бұл күн де 3 бала тәрбиелеп өсірген бақыттты жандар.
Отставкадағы әділет подполковнигі А.Оразгельдиев мерейлі мерекемен құттықтай келген ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қиындығы мол жұмыстарына табыс тіледі.
– Бәріне де өз еңбегімізбен жжеттік. Құқық қорғау саласында еңбек ету екінің бірінің қолынан келетін іс емес. кезінде абыройлы еңбек етсек, бүгінде соның жемісін көріп отырмыз. Бізді елеп-ескерген әріптестерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Ел тыныш, іргеміз бүтін болсын. Сіздерді де кәсіби мерекемен құттықтаймын, – деді қария.
Өз кезегінде ЖД-158/1 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Нұржан Құтымбетов ардагерлердің өмір жолы жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі боларын сөз етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.