ҚҰРЫЛТАЙ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ: ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ДИАЛОГ

0 14

Құрылтайдың қалыптасуы қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара байланыстың жаңа кезеңін қалыптастыратын маңызды үдеріс. Өкілді органның негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдағы өзекті мәселелерді зерделеп, азаматтардың ұсыныстары мен сұраныстарын заңнамалық деңгейде қарастыру.

Бүгінде қоғамдық пікір түрлі бағыттағы мәселелер төңірегінде қалыптасып отыр. Әлеуметтік жағдай, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, экономикалық даму және өңірлердің болашағы – азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін бағыттар.

Әрине, бұл мәселелердің барлығын заң қабылдау арқылы ғана шешу мүмкін емес. Дегенмен кейбір бағыттарда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру немесе жаңа құқықтық тетіктер енгізу қажеттілігі туындауы мүмкін.

Осы ретте Құрылтайдың алдағы қызметінде қоғамдық пікірді зерделеу, сарапшылардың ұсыныстарын тыңдау және азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылау маңызды орын алады деп ойлаймын.

Мемлекеттік шешімдердің сапасы қоғамнан келетін кері байланыстың қаншалықты тиімді ескерілетініне де байланысты. Азаматтардың ұсыныстары нақты деректермен, өмірлік тәжірибемен және негізделген пікірлермен толыққан жағдайда олардың мемлекеттік саясатта ескерілу мүмкіндігі арта түседі.

Сонымен бірге қоғамдық диалог тек мемлекетке талап қоюмен шектелмеуі керек. Азаматтардың заңнамалық процестің ерекшеліктерін, мемлекеттік институттардың өкілеттіктерін және шешім қабылдау тәртібін түсінуі де маңызды.

Қоғам өз ұсынысын білдіреді, мемлекеттік институттар оны қарайды, сарапшылар өз бағасын береді. Осы үш тараптың өзара байланысы неғұрлым тиімді болған сайын, қабылданатын шешімдердің де сапасы арта түседі.

Меніңше, Құрылтайдың құрылуы – қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы диалогты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін маңызды қадам. Ендігі кезеңде оның қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні нақты заңнамалық бастамалар мен қоғамдық мәселелерді шешу тәжірибесінен көрінетін болады.

 

Шахида Миркурбанова,

Талас аудандық қоғамдық кеңесі мүшесі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.