Үздік жобалар: ÁLEMDI ÓZGERT»

0 217

Жастар көзқарасымен әлемдегі әлеуметтік, құқықтық, экологиялық, әскери сынды бағыттағы проблемаларды шешу жолдарына арналған жобалар байқауы.
Жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптстыру сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар экологиялық жобаларды қолдау мақсатында «ÁLEMDI ÓZGERT» атты үздік жобалар байқауы өткізілді.

Байқау Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Әлемді өзгерту адамзат баласының өзін-өзі тәрбиелеуден басталады. Өзіңді-өзің тәрбиелеу оңай дүние емес екені бәрімізге мәлім. Алайда, адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. Дегенмен де біздің қазіргі қоғамда адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге аса назар аудара бермейді.

Ең әуелі, әлемді өзгерткің келсе, экологиялық сананы өзгерту, өзіңді өзгерт. Ойыңды түзе, бойыңды түзе. Осынау орасан зор әлемде өзіңмен – өзің келісіммен өмір сүрсең, жақсы – жаманыңды саралай білсең, адамзат баласына ақ ниетіңмен қарай алсаң, сен бұл өмірде босқа жүрмегенің…

«Байқауға ұсынылған 15 жобаны қарап шықтық, жастар ізденіп тың идеялар ұсынған, әртүрлі бағыттағы проблемаларды қамтып өткен. Осы сынды байқауларға тұрақты қатысып жүретін жастарымыз да жетерлік. Бұл байқау тек Жамбыл облысында ғана емес өге де облыстағы жастар арасында да өткізіліп тұрады. Үздік деп танылған жобалар алдағы уақытта қолдау тауып, іске асырылады деген сенімдемін. Жобаға кез-келген жас өз жұмысын ұсына алады» — деді қазылар алқасының мүшесі Асхат Олжабай .
Байқауға Жамбыл облысындағы жоғары және арнаулы оқу орындарынан 15 студент қатысып, өзінің мемлекеттік және орыс тілдегі публицистикалық жұмыстарын ұсынды.
«Мен ұсынған жоба әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған Бүгінгі қоғамда өкінішке орай ажырасу мәселесі белең алып отыр. Жобада отбасы құндылықтарын сақтау және ажырасуды азайтудың жолдары ұсынылды. Бүгінгі байқауда жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта осы сынды байқауларда белсенділік танытамын»-деді байқау жеңімпазы Бекболат Асқар.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Әлеуметтік бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Б.Асқар, «Құқықтық бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенті Д.Берекеева, «Экологиялық бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Ш.Жүсіпов, «Әскери бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Е.Юсупов жеңімпаз деп танылды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау 2021 жылдың 10 маусымында Тараз қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Әлемді өзгертуге болатын құндылықтар не болуы мүмкін? Тәртіп, мәдениет, ақыл, бәсекелестік т.б. құндылықтар көп. Дегенмен, мен ұсына алатын құндылық ақыл. Тәртіп қоғамда бар. мемлекетті басқару саясаты бойынша жүргізілетін тәртіптен ешкім шыға алмайды. шықпаған да. тәртіпсіздік болмағанда тәртіптің не екенін білмей өтер едік. Егер барлық жақсы қасиеттерді, жүйелерді т.б. көп дүнилереді ақылға салып, реттеп, жүзеге асырсақ әлем өзгерер еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.