Ұлттық ойындар наурыз көркін келтірді

0 477

       Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан бітіп, адамдардың аузы аққа тиіп, Жер-Ана бусанып, жақсылыққа жол бастайтын Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұлттық ойындар өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі ұлттық ойындар жөнінде жас буынға түсінік беру болып табылады.
Қазақтың ешбір тойы ақынның арнауынсыз, палуанның белдесуінсіз өтпеген. Наурыздың көркін келістіріп тұрғанда осы қазақтың ұлттық ойындары. Бүгін аудандық спорт кешенінде ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шарада қатысушылар асық ату, арқан тарту, қол күрес, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру сынды ойын түрлерінен сайысқа түсті. Іс-шараға карантин талаптарға байланысты санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 60 жуық адам қатысты.

  Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ұлт ойындары осылайша атадан балаға,үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған. Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.