Вакцина бедеулікке алып келе ме?

0 309
Вакцинация жасатсаң чип салады немесе бедеу болып қалады деген сынды қауесеттер ел арасында көбейіп кетті. Бұл ақпараттар қаншалықты шындыққажанасады? Осы сұраққа Шымкент психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев кеңінен жауап берді, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

«Чипирование» – бұл өте жоғары технология. Біздің адамзат ондай технологияға әлі жеткен жоқ.Ондай технологияға жеткен болсақ, коронавирустың алғашқы өршуі болған кезде да чипирование жасайтын едік. Адамзат 1 000 жыл алдын да вакцина салдырған. Вакцинаның арқасында біз көп індетті жеңіп шықтық. Бұл вирусты да жеңеміз! Біз тек вакцина салдыру арқылы ғана қоғамда иммунитетті қалыптастырамыз.

Коронавирус дегеніміз — ол гриптің бір түрі. Сондықтан ел болып, жұрт болып осы вакцинацияны жасайық, — дейді Қалалық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев. Вакцина тек жүктілік кезінде және 18 жасқа толмаған жастарға салынбайды. Қалған барлық адам ерікті түрде вакцина салдыра алады. Айта кетейік, шаһардағы барлық емханада вакцина салу бекеттері ұйымдастырылған. Онда демалыссыз түнге дейін тұрғындарды қабылдап жатыр. Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру арқылы өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін сақтаңыз!

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.