«Украина Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін кері шақырды»: Зеленский үндеу жолдады

0 2 385

Украина президенті Владимир Зеленский Харьковтың орталығына жасалған зымыран соққысын террорлық әрекет деп атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы nv.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

— «Бұл Украинаға, Харьковқа қарсы жасалған террорлық әрекет. Алаңда әскери нысана болған жоқ.  Орталық алаңға зымыран ату — бұл жасырын террор. Ешкім кешірмейді. Ешкім ұмытпайды», — деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, Харьковке жасалған бұл соққы әскери қылмыс болып табылады.

— «Бұл Ресей Федерациясының мемлекеттік терроризмі. Осыдан кейін Ресей террористік мемлекет. Әлбетте. Және бұл ресми болуы керек. Біз әлемнің барлық мемлекеттерін агрессордың осы қылмыстық тактикасына дереу және тиімді жауап беруге және Ресей мемлекеттік терроризмді жүзеге асыруда деп жариялауға шақырамыз. Біз халықаралық соттарда лаңкестердің толық жауап беруін талап етеміз», — деді ол

Сондай-ақ ол Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін елге шақыртты. Басты себеп Грузия пен Қырғызстанның түсініксіз позициялары. Сондықтан кеңесу үшін екі елшіні алдыртуда. Ал осы сәтте Ұлыбританияда Ресей агрессиясын жақтағандарға санкция салу керек деген бастама айтылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.