Президент Әкімшілігі имиджіне шамамен 500 миллион теңге төленбек

0 251

Президент Әкімшілігі өзінің ведомстволық бағыныстағы «Бурабай Даму» кәсіпорнымен «Шортанды-Бурабай»  курорттық аймағының туристік имиджін қалыптастыру бойынша қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды. Келісімшарт сомасы 489 млн теңге болды.

 

2021 жылы президент әкімшілігі «Бурабай Даму» компаниясына осыған ұқсас қызметтер үшін әлдеқайда аз  – 293 миллион теңге төлеген. Агенттік 2016 жылдан бастап оның операторымен «Шортанды-Бурабай»  курорттық аймағының туристік имиджін қалыптастыру бойынша ынтымақтастықта жұмыс істейді.

 

Қызмет көрсетуші  қандай қызметтер атқаруы керек?

Жеткізушінің міндеттеріне  ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және туристерді онлайн режимде хабардар ету кіреді. Сондай-ақ, «Бурабай Даму» кәсіпорнының басшылығы туристік нысандарды жаңғыртуды, жылумен жабдықтау желілерін және электрмен жабдықтау нысандарын күтіп ұстауы керек.

Компания туристер мен демалушылар үшін мұражайларға, көрмелерге, концерттерге, форумдарға, сондай-ақ,  «Шортанды-Бурабай»  курорттық аймағындағы көрікті жерлерге баруды қамтамасыз етуі керек.

«Бурабай Даму» байланыс орталығының, сайттың, мобильді қосымшаның, әлеуметтік желілердің жұмысын ұйымдастырып, ақпараттық стендтер, маңдайшалар орнату, курорттық аймақтың туристік маршруттары бойынша турлар мен экскурсиялар ұйымдастыру. Сонымен қатар, серіктестік қысқы-жазғы кезеңде жергілікті кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен түрлі демалыс түрлерін, демалыс орындарын, сауда нүктелерін, ойын-сауық қызметтерін ұйымдастыруға міндетті.

Жеткізуші

«Бурабай Даму» ЖШС мемлекеттік орган – Президент Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. «Бурабай Даму» Шортанды-Бурабайкурорттық аймағы аумағындағы Президент Әкімшілігіне қарасты нысандарды басқарады, компания туристік-операторлық қызметпен де айналысады.

«Бурабай Даму» сонымен қатар Визит орталығын, Абылай хан шалғынындағы экспозициялық кешенін, «Burabay Land» отбасылық ойын-сауық саябағын, Щучье және Бурабай көлдерінің жағалау аймағындағы жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының жалға берілуін бақылайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.