Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты

0 251

Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны мыңнан асты. Ал жарақат алғандардың саны бес мыңнан асып отыр.

«Бұл Түркия тарихындағы 1939 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандардың саны — 1014 адам. Жараланғандар саны — 5385 адам», — деп мәлімдеді ел президенті Режеп Тайип Ердоған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

«Астана уақытымен сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Түркиядағы елшіліктің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардан көмек көрсету туралы өтініш түскен жоқ. Қазір консул Түркияның төтенше жағжайлар басқармасымен тікелей байланыста. Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ», — деп мәлімдеді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Түстен кейін Түркияның орталық бөлігінде тағы 7,7 баллдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісі Сирия аумағына да әсер етті. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 371 адам қаза тапқан.

Жер асты дүмпулері Израильде, Арменияда, Абхазияда және Грузияда да сезілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.